09
январь
2019
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
Бүгін гимназияда "Отбасындағы ата-ананың рөлі тақырыбында" гимназияішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Гимназия директоры Фарида Советбековна ІІ тоқсандағы оқу-тəрбие жұмысының есебі мен рейтинг қорытындысын таныстырды. Сонымен қатар, жиын барысында оқушылардың ОЖСБ-ға дайындығы мен ТІMSS халықаралық зерттеуіне 4,8-сынып оқушыларының дайындық барысы талқыланды. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, суицидтің алдын алу тақырыбында мамандармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Ата-аналар жиналысына қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сламбекова Ұлана Сламбекқызы, №4 емхананың дəрігері Жексенбаева Жанна Серікқызы, ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңесінің төрағасы Медеуов Жетпісбай Медеуұлы, гимназия инспекторы Ишанкулова Жансая Қожамқұлқызы қатысты.



