2019 жылдың 4 наурыз күні гимназияда «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында жобалық іс-әрекетті ендірудің мәселелері, шешу жолдары» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті » Гимназия №45
Гимназия №45 » Ақпарат » 2019 жылдың 4 наурыз күні гимназияда «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында жобалық іс-әрекетті ендірудің мәселелері, шешу жолдары» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті
2019 жылдың 4 наурыз күні гимназияда «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында жобалық іс-әрекетті ендірудің мәселелері, шешу жолдары» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті
Семинарға қала мектептерінен 57 директор, қалалық білім бөлімінің басшысы М.Қ.Жинақбаева, қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет менгерушісі Г.Ж.Атакулова қатысты
Семинар-практикумды ашқан қалалық білім бөлімінің басшысы М.Қ.Жинақбаева жаңартылған білім мазмұны жағдайында жобалық іс-әрекетті енгізу - қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі екенін айта келе, қала мектептерінде іске асырылып жатқан жобалық жұмыстарға тоқталып, №45 гимназия ұжымының тәжірибесімен танысып, өз тәжірибелеріне енгізуге ұсыныс жасады.
Семинар-практикумның пленарлық бөлімінде гимназия директоры Ф.С.Шортанбекова мен ТарМПУ-ң кафедра меңгерушісі Ш.Т.Турдалиева «Гимназия жағдайында жобалық іс-әрекетті қалыптастыруды ұйымдастыру мен басқарудың педагогикалық аспектілері» тақырыбында дуэттік сессия жасай отырып, қазіргі жаһандық үдеріс қарқын алған тұста әлеуметтік ортамен қарым-қатынас мәдениеті мен рухани-адамгершілік нормаларын меңгерген, бәсекеге қабілетті, интеллектісі мен шығармашылығы жоғары тұлғаларды қалыптастыру кезек күттірмес мәселе екенін дәлеледермен келтіре отырып, оқу-тәрбие үдерісіне жобалық іс-әрекетті енгізу педагогикалық ұжым мен оқушылардың жемісті іс-әрекетін қамтамасыз ететін білім беру мен тәрбие кеңістігін құруға арналған, сондай-ақ оған қажетті әдістемелік көмек көрсетумен қатар педагог іс-әрекетін жүйелендіретін, оқушылардың білім мен ғылымға, жаңалық ашуға деген қызығушылығын арттыру арқылы зерттеу мәдениетін қалыптастыратын біртұтас жүйе екеніне талқылау арқылы көз жеткізді.
Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ж.Е.Есимханова «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту бағытында жобалық іс-әрекетті ұйымдастыру» тақырыбындағы панельдік сессиясында нақты іс-тәжірибесімен бөлісіп, жобалық іс-әрекет арқылы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға арналған әдістемелік ұсынымдар жасады
Директорың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Е.Сарсембекова «Ата-аналармен жұмыстағы жобалық іс-әрекет» тақырыбындағы ақпараттық сессиясында гимназияда 1-11 сынып ата-аналарымен жүргізілген креативті жобалар жайлы толық ақпарат беріп, іс-тәжірибесімен бөлісті
І санатты информатика пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы А.Ж.Бердимбетова 6«Ә» сыныбындағы «Информатика пәнінен жоба жұмысы» курсында «Scratch программалау ортасында жасалынған компьютерлік ойындар жобаларын қорғау» тақырыбындағы сабағынан көрініс
Қалалық семинарда жоғары санатты биология пәнінің мұғалімі, педагог-шебер К.С.Бошамбекованың 10«Ә» сыныбында «Медициналық биология» қолданбалы курсы бойынша өткен «Адам генетикасын зерттеу» тақырыбындағы сабағы
Қалалық семинардағы жоғары санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ш.К.Джайлаубаеваның 7 «А» сыныбындағы «Ағылшын тіліндегі жоба жұмысы» курсында «Healthy habits» тақырыбында өткен сабағы Қалалық семинардағы ІІ санатты орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Н.С.Ақсақалованың 5«А» сыныбындағы «Основы проектной деятельности» курсында «Окружающий мир» тақырыбындағы сабағы