19
январь
2019
«Ақылды ата-ана, шебер мұғалім, тәрбиелі орта: табысты бала» жобасы









Гимназияда «Ақылды ата-ана, шебер мұғалім, тәрбиелі орта: табысты бала» жобасы бастау алды. Бүгін жобаның алғашқы іс-шарасы - 1-сыныптар арасындағы «Салауатты ата-анадан: спорт сүйер бала» көңілді-спорттық ойыны өтті. Ойынға ата-ана, сынып жетекші жəне оқушыдан құралған командалар қатысып, көңілді спорттық ойын түрлерінен сынға түсті.
Нəтижесінде: бас жүлдені 1 "Е" сыныбы иеленсе, 1 "Г" сыныбы - І орын, 1 "Ə" сыныбы - ІІ орын, 1 "Ж" сыныбы - ІІ орын, 1 "А" сыныбы - ІІІ орын, 1 "В" сыныбы - ІІІ орын, 1 "Д" сыныбы - ІІІ орын, 1 "Б", 1 "З", 1 "И" сыныптары алғыс хатпен марапатталды