31
октябрь
2025
«Эмоционалды тұрақтылық — кәсіби тұлғалық өсу негізі» тақырыбында семинар өткізілді
Мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау мақсатында гимназияда әдістемелік іс-шара өткізілді.Профессор, психология ғылымдарының кандидаты Ш.Т.Турдалиева «Эмоционалды тұрақтылық — кәсіби тұлғалық өсу негізі» тақырыбында мазмұнды семинар өткізіп, ұстаздарға кәсіби күйзелісті басқару, эмоционалды тұрақтылықты дамыту және тұлғалық өсу жолдары туралы құнды тәжірибелік кеңестер берді.