31
октябрь
2024
«Оқушылардың ғылыми-зерттеу жобаларының құрылымы мен рәсімделуі» тақырыбында семинар өтті

🔰2024 жылдың 31 қазан күні М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің педагогтері Игиликова Г.И., Мыханова Ж.Б. гимназия мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Оқушылардың ғылыми-зерттеу жобаларының құрылымы мен рәсімделуі» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара барысында ғылыми-зерттеу жобаларының тақырыбын таңдауда неге назар аудару керектігін айтып, оқушы күнделігін жүргізу жолдарына тоқталды. Нәтижесінде зерттеу жұмыстың құрылымы мен рәсімдеуіне қойылатын талаптармен таныстырды. Семинар соңында мұғалімдер ұсыныс-пікірлерін білдіріп, сұрақ-жауап алмасты.