Эксперимент алаңы » Страница 4 » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы» атты жанды қолөнер көрме ұйымдастырылды.
13
март
2025
«Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы» атты жанды қолөнер көрме
Көрменің мақсаты: оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту. Көрме ерекшелігі-оқушылар қазіргі кезде ұмытыла бастаған ши тоқу өнері, сырмақ сыру, кесте түрлерін кестелеу, құрғақ киіз басу, кесте және бізкесте түрлі жұмыстар жасауды көрермен назарына ұсынды.
”TALQILIKE” жобасы бойынша 7“Ә” сынып оқушыларымен Ұлы Отан соғысының батыры, әйгілі партизан, көрнекті жазушы Қасым Қайсеновтің “Жау тылындағы бала” шығармасы талқыланды.
13
март
2025
”TALQILIKE” жобасы бойынша 7“Ә” сынып оқушыларымен Ұлы Отан соғысының
Оқушылар талқылау барысында кітап оқудың пайдасы, кітап оқуға арналған талғам қалыптастыру, кітап оқуға қызығушылықты ояту және Қ.Қайсеновтың “Жау тылындағы бала” шығармасы бойынша түйген ойларымен бөлісті. 
”TALQILIKE” жобасы бойынша 7 “А” сынып оқушыларымен Ш.Мұртазаның “Интернат наны” әңгімесі талқыланды.
05
март
2025
”TALQILIKE” жобасы бойынша 7 “А” сынып оқушыларымен Ш.Мұртазаның
Оқушылар соғыс жылдарынан кейінгі интернат өмірі мен ас атасы - нанның қадірін ұғындыратын “Интернат наны” шығармасынан түйген ойлары мен алған әсерлерімен бөлісті. 
5-сынып оқушыларымен “Мен саған сенемін” тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды
28
февраль
2025
5-сынып оқушыларымен “Мен саған сенемін” тақырыбында психологиялық
Мақсаты: өз бойындағы жеке қабілеттерін дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достыққа және басқаларды сыйлай білуге тәрбиелеу. Оқушылар түрлі-түсті алақандар арқылы амандасып, “Арт-терапия” жаттығуында жұптаса отырып, тек бір қолын пайдаланып, тақтада көрсетілген суретті салды. “Арт-терапия” жаттығуы оқушыға өзінің шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік береді. “Сан-түс” жаттығуында көрсетілген сан және түсті жылдам әрі дұрыс айта білді. “Сан-түс” жаттығуы оқушылардың жылдам ойлау дағдысын
«Bilim All» жобасы аясында 7“В”сынып оқушыларымен “Биолог атағы кімге бұйырады?” сайысы ұйымдастырылды
20
февраль
2025
«Bilim All» жобасы аясында 7“В”сынып оқушыларымен “Биолог атағы кімге
Мақсаты: биология пәніне деген қызығушылығын ояту, танымдық белсенділіктерін арттырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылар биология пәні бойынша «Шам» әдісі арқылы берілген сұрақтарға жауап беріп, омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың суреттері және жүйке жүйесінің атауларын сәйкестендірді; жануарлар түрлерін буылтық құрттар, буынаяқтылар, омыртқалылар кластарына жіктеп көрсетті. Қатысушы топтар дипломдармен марапатталды. 
Гимназия ұстаздарымен “Сабақ барысында online платформаларды қолдану тиімділігі” тақырыбында семинар ұйымдастырылды
19
февраль
2025
Гимназия ұстаздарымен “Сабақ барысында online платформаларды қолдану
Гимназия ұстаздарымен “Сабақ барысында online платформаларды қолдану тиімділігі” тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарда Interacty, Еducaplan, Gamma, Capilot, Gynzo т.б. платформаларының мүмкіндіктерін қолдану бойынша көптеген құнды ақпараттар берілді.
“Бауыржан Момышұлы - ұлттық рух пен құндылықтар сақтаушысы” тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті
18
февраль
2025
“Бауыржан Момышұлы - ұлттық рух пен құндылықтар сақтаушысы”
​https://youtube.com/shorts/ZbfJRJRkWI0?feature=share​​​ 18 ақпан күні 7-сынып оқушыларымен “Бауыржан Момышұлы - ұлттық рух пен құндылықтар сақтаушысы” тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті. Оқушылар Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері мен өлеңдерін жатқа оқыды. “Ұшқан ұя” повесінің кейіпкерлері мен “Арпалыс”, “Ақиқат пен аңыз” романдары туралы ақпараттарымен бөлісті. Оқушыларға ақпараттық-танымдық бейнебаян көрсетілді. Жазушының шығармашылығына байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
9-сынып оқушыларымен “Оқушының білімдегі жетістігін бағалаудағы оң қадамдар” тақырыбында тренинг ұйымдастырылды
17
февраль
2025
9-сынып оқушыларымен “Оқушының білімдегі жетістігін бағалаудағы оң
Мақсаты: баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына мектептегі оқыту мен оқу процесіндегі бағалаудың қалай жүзеге асып жатқанын түсіндіру. 
Эксперимент алаңы «Жас тілші» жобасы аясында “45 News” кезекті гимназия жаңалықтарын ұсынады
15
февраль
2025
Эксперимент алаңы «Жас тілші» жобасы аясында “45 News” кезекті
Жобаның мақсаты: Оқушылардың тілдік сауаттылықтарын арттыру, қоғамдық және күнделікті өмірде қажетті ауызекі тілді дұрыс қолдана білуге үйрету, болашақ журналист, тілші, репортер мамандықтарына қатысты оқушылардың білімін кеңейту. Жобаға қатыса отырып, болашақ тілшілер өздерін түсірілім алаңдарында, камера алдында емін-еркін ұстауды, аз ғана уақытта белгілі бір тақырыпты талқылап, көпке сапалы дүние ұсынуды үйренеді.  Жүргізуші: Мүсілім Арман Тілшілер: Жұмахан Анар, Арланбек Назерке.