03
июнь
2024
"Ұлттық құндылықтар-ұлт қазынасы“ тақырыбына арналған киіз басуды педагогтарымыз оқушыларға көрсетті

⚜️ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ОТАНЫ-ҚАЗАҚСТАН!
Сақ дәуіріндегі "аң стилінің" өзі дәлел. Кілем, алаша тоқу, сырмақ сыру және киіз басып одан бірнеше тұрмысқа қажетті бұйымдар жасаған. Қазіргі кезде киіз басудың жаңа технологиясы көбейді.
"Ұлттық құндылықтар-ұлт қазынасы" тақырыбына арналған “Нұршуақ" киізүйлі лагерьдің алғашқы күні ылғалды киіз басуды педагогтарымыз оқушыларға көрсетті .
Күрделі технология қажырлы еңбекті талап етеді. Ата-бабаларымыз киізді ұлттық ою-өрнек салып басқан, ал бүгін төсеніш емес сырмақ етіп ілетін, арнайы композицияда киіз басылды. Алыстан манауратқан таулар мен ортаға қос киіз үй салынды. Қызғалдақты қырларымызды да салуды шығармашыл топ оқушылармен кеңесе отырып жөн көрді. Қызғалдақтың отаны-Қазақстан екенін айтып, ұл балалар су тасып көмек етсе, қыз балалар жүн тұтып қызыл қызғалдақтан гүл салды. Аяғында көрмеге қойылатындай әдемі сырмақ шықты !