04
май
2026
“Podcast” жобасы аясында «Цифрлық дәуірдегі оқу мәдениеті» тақырыбында мазмұнды сұхбат өтті
Бұл шығарылымда қазіргі технологияның дамуы кітап оқуға қалай әсер етіп жатқаны, оқушылардың оқу дағдысы және цифрлық ортадағы білім алудың ерекшеліктері кеңінен талқыланды.
Подкаст қонағы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгүл Бақбергенқызы өз пікірін білдіріп, кітап оқудың маңызы ешқашан жойылмайтынын атап өтті. Сонымен қатар, гаджеттердің әсері, әлеуметтік желінің ықпалы және оқу мәдениетін қалыптастыру жолдары туралы нақты ойларымен бөлісті.
Подкаст барысында:
— Цифрлық дәуірдегі кітап оқудың өзектілігі талқыланды
— Гаджеттердің оқу әдетіне әсері айтылды
— Оқу мәдениетін қалыптастыру жолдары ұсынылды
— Кітап оқудың болашағы туралы пікірлер қозғалды
Қандай заман болса да, білімнің негізі – оқу. Ал оқу мәдениеті – тұлға дамуының басты кілті.