Оқушылар жетістіктері » Страница 3 » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қалалық”IX Шерхан оқулары” байқауының жеңімпаздары
30
октябрь
2024
Қалалық”IX Шерхан оқулары” байқауының жеңімпаздары
Қалалық”IX Шерхан оқулары” байқауының ғылыми жоба бөлімі бойынша 10” А” сынып оқушысы Амангелді Қарлығаш және 10 “Г” сынып оқушысы Берікқызы Шырайлым жүлделі І орын иеленіп, облысқа жолдама алды. Жетекшілері: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Шортанбекова Ф.С., Бекназарова С.С. 
“Ozimiz” республикалық ауызша әңгімелер байқауының жүлдегері
27
август
2024
“Ozimiz” республикалық ауызша әңгімелер байқауының жүлдегері
🔰 Гимназиямыздың 10-сынып оқушысы Жұмахан Анар өңіріміздегі петроглифтерді зерттеп, Тарих пен мәдениетке арналған “Qalam” мультимедиалық порталы ұйымдастырған “Ozimiz” республикалық ауызша әңгімелер байқауына қатысып 1 000 000 тг көлемінде сыйлық ұтып алды. Құттықтаймыз! Жетекшісі: тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Лаубай Тоғжан Құралбайқызы
Республикалық “Altyn Saqa” олимпиадасының жеңімпазы
19
август
2024
Республикалық “Altyn Saqa” олимпиадасының жеңімпазы
🔰 Гимназиямыздың 3 “Ә” сынып оқушысы Анарбай Алдияр республикалық “Altyn Saqa” олимпиадасының Бас жүлде иегері атанды. 19 тамыз 2024 жылы Астана қаласында жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті. Гимназия мақтанышы Алдиярды жеңісімен құттықтаймыз! Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Жұматай Раушан Ахметбекқызы  
Республикалық олимпиада жеңімпаздары
12
июнь
2024
Республикалық олимпиада жеңімпаздары
🔰 Бүгін облыс әкімі Е.Қарашөкеев «Шахристан» этно-мәдени орталығының көрме павильонында дарынды оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың күміс медаль иегері Жаксыбек Алина, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының күміс медаль иегері Аманжол Зейне, қола медаль иегері Жұмахан Анар, «KazRoboSport-2023» робототехника бойынша республикалық чемпионатының жүлдегерлері Тұрсынбай Айбар мен Кенжебек
Халықаралық математика пәні бойынша ISMC 2024 Cингапур олимпиадасының Республикалық кезеңінің жеңімпазы
24
май
2024
Халықаралық математика пәні бойынша ISMC 2024 Cингапур олимпиадасының
🔰Халықаралық математика пәні бойынша ISMC 2024 Cингапур олимпиадасының Республикалық кезеңінен Ералы Нұрислам 6“И” І орын алтын медаль иеленіп, Сингапур елінде болатын олимпиадаға жолдама алды. Нурислам бұл жарыста әлемнің түкпір-түкпірінен келген оқушылармен бірге додаға түсіп, бағын сынамақ. Сәттілік серік болсын! Жетекшісі: математика пәні мұғалімі Джанабаева Гульжан Кадирхановна.
Республикалық “Буктрейлер”  бейнеролик байқауының жүлдегері
23
май
2024
Республикалық “Буктрейлер” бейнеролик байқауының жүлдегері
🔰”Өркен” балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми - практикалық институты ұйымдастырған “Буктрейлер” республикалық бейнеролик байқауынан 4“Д” сынып білім алушысы Оралбек Ескендір ІІ орын иеленді. Сынып жетекшісі Сейлбаева Н.Қ. 
Республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының жүлдегері
17
май
2024
Республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының жүлдегері
🔰Республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауында гимназияның 10-сынып оқушысы Саттаркулова Айзере жеңімпаз атанды. Айзерені кезекті жеңісімен құттықтай отыра, алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыратынына сенім артамыз! Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер Мырзабекова Қарлығаш Ерғарақызы 
Қ.Бітібаева атындағы республикалық пән олимпиадасының жүлдегері
14
май
2024
Қ.Бітібаева атындағы республикалық пән олимпиадасының жүлдегері
🔰 Қ.Бітібаева атындағы республикалық пән олимпиадасынан гимназиямыздың 11“Ә” сынып оқушысы Сартбай Шадияр ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер Мырзабекова Қарлығаш Ерғарақызы. Құттықтаймыз!
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары
10
май
2024
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған
🔰 Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз! 1. Мурат Аяла 7-сынып оқушысы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен І орын, жетекшісі: Турысбекова Н.М. 2. Наметилла Адия 7-сынып оқушысы ағылшын тілі пәнінен ІІ орын, жетекшісі: Есқараұлы М.
Кіші футбол турнирі жеңімпаздары
12
апрель
2024
Кіші футбол турнирі жеңімпаздары
⚜️Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығының” ұйымдастыруымен өткізілген оқушылар арасындағы кіші футбол турнирінен гимназия командасы І орын иеленді. Жетекшілері: Ибраимов Н., Ибрагимов Е., Берік Ә. Құттықтаймыз!