ҚР Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігі "Ozattar" сайты ұжымы "Қазақстан тарихы" пəні бойынша олимпиадада үздік нəтиже көрсеткені үшін Б.Момышұлы атындағы 45 қазақ классикалық гимназиясына "Үздік ұжым" куəлігін табыстады
Ғарышкерлер күніне орай "QStudy" халықаралық ақпарат агенттігі ұйымдастырған "Ғарышқа саяхат" атты байқауында ерекше ізденімпаздығымен, үздік шығармашылығымен дараланған 1 "Ж" сынып оқушылары
Қазақстандық білім беру жəне спорттық робототехника федерациясы ұйымдастырған "KazRobotics-2019" байқауының облыстық іріктеу кезеңінде 45 гимназияның 2 командасы да 1-орын иеленді. Жеңімпаздармызға республикалық чемпионатта сəттілік тілейміз! Жетекшісі Жұмағалиева Рахат Мұратқызы облыстық іріктеу кезеңіне белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
Алматы қаласы əкімінің кубогі үшін робот техникасы жəне инновациялық технологиялар бойынша VI ашық чемпионатына қатысқан гимназия оқушылары Шарип Ади, Жазықбай Али, Тұрсынбек Аруна жүлделі І орынды жеңіп алды. Жетекшісі: Жұмағалиева Рахат Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!!!
Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен əдебиетінен оқушылардың республикалық олимпиадасының ІІІ орын жүлдегері - Белгібаева Ғазизаны құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз! Жетекшісі: Мырзабекова Қарлығаш Ерғарақызы