ХАБАРЛАНДЫРУ!

«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ АТЫНДАҒЫ №45 ҚАЗАҚ КЛАССИКАЛЫҚ ГИМНАЗИЯСЫ» КММ
УАҚЫТША БОС ОРЫНҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
1.«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы» КММ
Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы, «Самал» мөлтек ауданы 3Б.
Анықтама, байланыс номері: 34-47-95
Электрондық пошта: taraz45@mail.ru
2.Негізгі функционалдық міндеттері:
Білуге міндетті:Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды.
Лауазымдық міндеттері:Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пән ерекшелігін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылардың жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеуметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әр түрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті қысқа мерзімді жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды ендіруді қамтамасыз етеді. Білім алушыларды мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және дайындауға қатысады, оны оқу жоспары мен оқу үрдісі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік басқа да іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттырады.
1.Эксперимент алаңындағы қосымша білім беру педагогы лауазымы (бос орын 1 бірлік жүктеме), еңбек ақысы 140000-150000 тг. (еңбек өтілі, санатына байланысты)
2.Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар: пән бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі бар, педагог статусына Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санаты туралы куәлік болуы міндетті.
3.Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 3-11 сәуір күндері аралығында.
Үміткер кандидаттардан келіп түскен құжаттарды, конкурстық комиссиясының құжаттарды қарау мерзімдері: 2023 жылдың 12 сәуір күні аралығында.
Конкурс өткізу күні: 13 сәуір 2023 жыл
4.Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы №513 бұйрығының 3-тарау, 1-параграфының 118 тармағына сәйкес
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4)Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6)«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 21579 болып тіркелген);
7)психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90%сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек;
11)техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;
12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейне презентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480;
5.Конкурстық құжаттар: Тараз қаласы, ««Самал» мөлтек ауданы 3Б
мекен-жайында орналасқан Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының кадр бөлімінде қабылданады.