«Әділ болу – адамдық қасиет» 6-сынып оқушыларымен адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі — әділдік туралы дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың әділдік туралы түсініктерін кеңейту, әділ болудың адам өміріндегі маңызын ұғындыру және адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу болды. Оқушылар әділдікке байланысты жағдаяттарды шешіп, мақал-мәтелдерді жалғастырып, «Әділдік ағашы» шығармашылық тапсырмасын орындады. Іс-шара барысында оқушылар: – әділ болу өзіңнен басталатынын; – шындық пен адалдықтың өмірдің негізі екенін ұғынды.