06
февраль
2025
IMPACT OlympiadVI Халықаралық ашық шығармашылық байқауының жүлдегері

«Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен математика, физика және информатика олимпиада резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының кәсіби шеберлігін дамыту, құзіреттілігін арттыру, талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер мен жаттықтырушыларды анықтау, оларды қолдау және көтермелеу мақсатында 2025 жылдың 8-16 қаңтар күндері аралығында Астана қаласында IMPACT OlympiadVI Халықаралық ашық шығармашылық байқауы өтті. Байқау нәтижесінде гимназиямыздың математика пәні мұғалімі Кеңесов Бауыржан Бақытжанұлы ІІІ орын иеленді. Құттықтаймыз!