Эксперимент алаңы » Страница 6 » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
8-сынып оқушыларымен “Абайдай бол!” интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды
20
январь
2025
8-сынып оқушыларымен “Абайдай бол!” интеллектуалды ойыны
8-сынып оқушыларымен “Абайдай бол!” интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Мақсаты: қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының мол мұрасын насихаттай отырып, білім алушыларды даналарымызды бағалай білуге тәрбиелеу, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін оқушылардың бойына сіңіру. Кезеңдері: 1."Абай туралы не білеміз?" 2."Адасқан сөздер"
 3."Қазақта қара сөзден дес  бермедім..." Нәтижесінде қатысушы топтар дипломдармен марапатталды.
7-сынып оқушыларымен Қадыр Мырза Әлидің 90 жылдығына орай әдеби круиз ұйымдастырылды
17
январь
2025
7-сынып оқушыларымен Қадыр Мырза Әлидің 90 жылдығына орай әдеби круиз
7-сынып оқушыларымен Қадыр Мырза Әлидің 90 жылдығына орай әдеби круиз ұйымдастырылды. Мақсаты: Қадыр Мырза Әлидің өмір жолы, ақындық қызметі туралы әңгімелеу, поэзияны сүюге, қадір тұтуға тәрбиелеу. 📖Оқушылар ақынның өмірі, шығармашылығы жайлы сұрақтарға жауап беріп, берілген тақырыптар бойынша постер қорғап, ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Қатысушы топтар дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
8-сынып оқушыларымен “Жас географтар” сайысы ұйымдастырылды
16
январь
2025
8-сынып оқушыларымен “Жас географтар” сайысы ұйымдастырылды
8-сынып оқушыларымен “Жас географтар” сайысы ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың пәннен алған білімдерін сынау, ойлау, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып одан әрі білімдерін жетілдіру.    🌍Нәтижесінде 8 “Ә” сыныбынан құралған “Жұлдыз” тобы III орын, 8 “А” сыныбынан құралған “Алаш” тобы II орын, 8 “Б” сыныбынан құралған “Берлин” тобы I орынды иеленді. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! 
«Адами капиталды дамытудың психологиялық тетіктері» тақырыбында тренинг өткізді
08
январь
2025
«Адами капиталды дамытудың психологиялық тетіктері» тақырыбында
Гимназия мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Ш.Т.Турдалиева «Адами капиталды дамытудың психологиялық тетіктері» тақырыбында тренинг өткізді. Іс-шара барысында адам капиталы, оның ерекшеліктері туралы түсінік беріліп, психологиялық жаттығулар орындалды. 
5-сынып оқушыларымен “Біз буллингке қарсымыз!” тақырыбында тренинг өтті
23
декабрь
2024
5-сынып оқушыларымен “Біз буллингке қарсымыз!” тақырыбында тренинг
5-сынып оқушыларымен “Біз буллингке қарсымыз!” тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Мақсаты: «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу; сыныппен сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу. 
4-сынып оқушыларымен “Қауіп төніп тұрған экология” тақырыбында постер байқауы ұйымдастырылды
12
декабрь
2024
4-сынып оқушыларымен “Қауіп төніп тұрған экология” тақырыбында постер
🔹Мақсаты: экологиялық мәселелер туралы хабарды тарату, экология тақырыбын кеңейту. Оқушылардың бойында жауапкершілік сезімін дамыту.
“Жетістігімді еліме арнаймын” челленджі
12
декабрь
2024
“Жетістігімді еліме арнаймын” челленджі
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы негізінде 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай “Жетістігімді еліме арнаймын” челленджінің қатысушылары 
“Жобалық менеджмент” шағын конференциясы өткізілді.
03
декабрь
2024
“Жобалық менеджмент” шағын конференциясы өткізілді.
”Jas Leader Akademiiasy” факультативі бойынша 9 “Г” сынып білім алушыларының қатысуымен “Жобалық менеджмент” шағын конференциясы өткізілді. Онда мектеп мәселелері, қоғамдық мәселелер, бизнес мәселелері атты үш тақырыпта презентациялар жасау тапсырылды. Әр топ өздері жасаған постерлерін алмастыра отырып, толықтырулар енгізді. Сонымен қатар, оқушылар топтарға бірігіп, аталған мәселелердің қандай шешімін ұсынатындығы және қандай нәтижеге жеткісі келетіндері жайында өз жобаларын жасап қорғады.