«Ozyqbol» облыстық олимпиадасы
2024 жылдың 5-қазан күні 5-сынып оқушылары арасында ағылшын тілі және математика пәндері бойынша «Ozyqbol» облыстық олимпиадасы өтті. Олимпиаданың мақсаты - Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау. Олимпиадаға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарынан 58 оқушы тіркеліп, 56 оқушы қатысты. 🏆Олимпиаданың қорытындысы бойынша математика пәнінен Сарыбай Дінмұхаммед 2-орын, ағылшын тілі пәнінен Аманқұл Аяжан 3-орын иеленді. Жетекшілері: Р.Кенжебекова, А.Шабденова.